Мамыр айының басында Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтеді.

Бұл 150-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратын елде бейбіт өмір сүру үшін достық, түсіністік пен келісім мерекесі. Бұл халықтардың әрқайсысы бірегей, бірақ Қазақстан аумағында бірге олар бір тату халық.

Толығырақ: Мамыр айының басында Қазақстан ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі – Қазақстан халықтарының...

Сәуірдің 21-і күні Балалар өнер мектебінде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы мен мектептің рөлі, жасөспірімдердің қатыгездік қарым-қатынасы, осы және басқа да мәселелерден шығу мен шешу жолдары туралы сұ

Сәуірдің 21-і күні Балалар өнер мектебінде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде отбасы мен мектептің рөлі, жасөспірімдердің қатыгездік қарым-қатынасы, осы және басқа да мәселелерден шығу мен шешу жолдары туралы сұрақтар қойылды. Соңында мектеп оқушылары шағын концерт қойды.

Толығырақ: Сәуірдің 21-і күні Балалар өнер мектебінде жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Балаларды...

Сәуірдің 22-сі  БӨМ-нің залында  4, 5, 6 - сынып оқушылардың қатысуымен "И снова звучит вальс" атты байқау өтті.

 Вальс туралы  шексіз айтуға болады. Бұл биден немесе музыкалық формадан артық. Бұл – көңіл күй, өмір екпін сезімі. Байқау - ол әрдайым сынақ. Бұл үздік атану үшін күрес қана емес, сонымен қатар балаларға арналған мереке, олардың шығармашылық қабілеттерін, еңбекқорлығын, музыкалық қабілетін көрсету мүмкіндігі. Мұғалімдер үшін бұл олардың еңбегінің көрсеткіші, әрі қарай дамуына ынталандыру. Қатысушылардың орындау техникасын, орындау тазалығын, эмоционалдылығын фортепиано бөлімінің мұғалімдерінен құралған қазылар алқасы бағалады. Қатысушылардың өнерлері 1, 2, 3 орын грамоталарымен, қалған қатысушылар қатысқаны үшін грамоталарымен марапатталды. Бұл шарада ең бастысы, әрбір жас пианист музыкамен, тыңдаушылармен, құрдастарымен тілдесудің қуанышын сезінді.

Толығырақ: Сәуірдің 22-сі  БӨМ-нің залында  4, 5, 6 - сынып оқушылардың қатысуымен "И снова звучит вальс"...

2023 жылдың 25 наурызында Алматы қаласында «РАУАН» қашықтықтан халықаралық фестиваль-байқауы өткізілді. Байқауды «КҮН ШУАҚ kz» қоғамдық қоры өткізді.


Фестивальдің мақсаттары:
- балалардың шығармашылығын дамуын ынталандыру
- салауатты бәсекелестік рухын қалыптастыру
- қатысушылардың қызметін салыстырмалы бағалау
- хореографиялық, аспаптық және вокалдық үйірмелердің, сән театрларының жетекшілерін шығармашылық ізденісті ынталандыру.
Фестиваль-байқау:
- вокал (солистер, вокалдық топтар)
- хор әні
- хореография (солистер, ансамбльдер)
- аспаптық музыка (соло, дуэттер, трио, ансамбльдер)
- театр
- сән театры (шығармашылық ұжымдар)
- көркем сөз номинациялар бойынша өткізілді.
Әр номинация:
3-5 жас, 6-9 жас, 10-12 жас, 13-17 жас, 18-25 жас, 25+ жас санаттарына бөлінді.
Қатысушылардың өнерін кәсіби қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының құрамына музыка, хореография саласындағы жоғары білікті мамандар, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткерлері кірді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданының білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ-нен байқауға «Тик-так» қасықшылар ансамблі (кіші топ – 5 оқушы: Майборода Дарья, Рустемов Нариман, Сызған Тоғжан, Әділхан Аружан, Галкина София) және баянның 7 сынып оқушысы Крюков Михаил (мұғалім Палеева Ирина Дмитриевна) қатысты. Байқау қорытындысы бойынша балалар 1 дәрежелі лауреаттар дипломының иегері атанды.

Толығырақ: 2023 жылдың 25 наурызында Алматы қаласында «РАУАН» қашықтықтан халықаралық фестиваль-байқауы...

2023 жылғы 15 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласында «Көктемгі көңіл-күй» III Халықаралық көп жанрлы байқауы өтті.

 Байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» халықаралық театр орталығы болып табылады. Байқау көркем шығармашылық, орындаушылық шеберлік, шекарасыз шығармашылық үш бағыт бойынша өткізілді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ - нен байқауға гитараның мұғалімі Ольга Павловна Заматаева мен оқушы Натэла Давитадзе дуэті қатысты.
Білікті қазылар алқасының шешімі бойынша Давитадзе Натэла мен дуэт Гран-при иегерлері атанды.


Толығырақ: 2023 жылғы 15 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласында «Көктемгі көңіл-күй» III...