Семинар-практикум

2026 жылғы 27 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Бейімбет Майлин ауданы білім бөлімінің балалар өнер мектебі» КММ базасында «Қосымша білім беру бойынша тағылымдамалық алаң» облыстық жобасы аясында маңызды семинар-практикум өтті.
Бұл шара кәсіби диалогқа, тәжірибе алмасуға және қосымша білім беру саласын дамытудың жаңа бағыттарын іздеуге арналған жанды әрі нәтижелі алаңға айналды. Кездесудің «Қосымша білім беру педагогы: мотивация ресурстары және кәсіби дамудың стратегиялары» тақырыбы өз шеберлігін үнемі жетілдіруге ұмтылатын педагогтарды біріктірді.
Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебінен 4 педагогы Кольга И.М., Новопашина И.Б., Молдыбаева А.Д., Меженина Н.А. қатысты. Олар үшін бұл семинар кәсіби ой өрісін кеңейтіп, жаңа идеялардан шабыт алуға мүмкіндік болды.
Қатысушылардың ерекше назарын алаң спикері, Жітіқара қаласының Балалар өнер мектебінің жеке ән салу мұғалімі Ю.А. Хмелинскаяның «Вокалдық қабылдауды қалыптастырудың бастапқы кезеңі — бэлтинг» тақырыбындағы шеберлік сыныбы аударды. 4-сынып оқушысы В. Жуковпен өткізілген сабақ барысында вокал техникасының физиологиялық аспектілері жан-жақты түсіндіріліп, дауысты дамытуға арналған тиімді әрі қауіпсіз жаттығулар көрсетілді.
Осындай кездесулер педагогтардың кәсіби тәжірибесін байытып қана қоймай, шабыт, жаңа идеялар мен шығармашылық шешімдердің қайнар көзіне айналады. Біз оларды білім беру үдерісіне қуана енгіземіз.
Алға ілгерілеу — білім алуға, тәжірибе бөлісуге және бірге дамуға деген ұмтылыстан басталады деп нық сеніммен айтуға болады.

«Күй күмбірі» республикалық акциясы

Балалар өнер мектебінің концерт залында «Күй күмбірі» республикалық акциясы салтанатты түрде өтті — бұл іс-шара қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасын сақтап, оны арттыруға, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім мен нәзік эстетикалық талғамды қалыптастыруға, сондай-ақ домбыра тарту өнеріне деген шынайы қызығушылықты оятуға бағытталған.
Бұл күні 50-ден астам көрермен жиналған залда домбырашылар ансамблі өнер көрсетті. Он жас орындаушы қазақтың халық күйлерін ерекше тебіреніспен орындап, ұлттық аспаптың терең де қоңыр үнімен зал ішін әсем әуенге бөледі. Олардың өнері шараның шынайы көркіне айналып, рухани асқақтық, шабыт және ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүрлерге деген ерекше құрмет атмосферасын қалыптастырды.

ҚР Салық Кодексіндегі өзгерістер бойынша түсініктеме

«Өрлеу»  білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы мен Қостанай облысының білім беру және ғылым ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіптік одағының тапсырмасы бойынша Балалар өнер мектебінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексіндегі салықтық шегерімдерге қатысты өзгерістер туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді.

«Қысқы оқиғалар»

Қаңтар айында Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінің фойесінде «Қысқы оқиғалар» атты көркем жұмыстардың көрмесі өтуде.
Көрмеге көркем бөлімінің оқытушылары Коба Т. В., Ковтун Э. В., Серикбаева Г. С., сондай-ақ әртүрлі жастағы олардың тәрбиеленушілері қатысты.
«Қысқы оқиғалар» көрмесі балалардың қысты көрнекті, әрі шынайы қабылдайтынын айқын көрсетті. Әрбір жұмыс қиялға, зейінге және шығармашылықтың қуанышына толы. Мұндай көрмелер мектеп кеңістігін көркейтіп қана қоймай, балаларды одан әрі дамуға шабыттандырады, ал көрермендерге нағыз қыс ертегісінің әсерін сыйлайды.