- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды Сейсенбі, 23 Мамыр 2023 04:23
-
Автор: Super User
-
Қаралды: 149
2023 жылдың сәуір айында III Халықаралық «Ғарыштағы алғашқы адамдар» көп жанрлы онлайн-байқауы өтті. Байқау ғарышкерлер мен авиация күніне, ғарышкерлерге, астронавтарға, ғалымдар мен зерттеушілерге, ғарыш саласының барлық қызметкерлеріне арналды. Байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» ХТО.
БӨМ атынан Коба Т. В. мұғалімнің оқушылары Плахотнюк Злата, Суходольская Мария, Самофал Вадим қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Плахотнюк Злата I дәрежелі лауреат, Суходольская Мария және Самофал Вадим II дәрежелі лауреат атанды. Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз! Шығармашылық жеңістер тілейміз!
Толығырақ: 2023 жылдың сәуір айында III Халықаралық «Ғарыштағы алғашқы адамдар» көп жанрлы онлайн-байқауы өтті.
- Толығырақ
-
Категория: Жаңалықтар
-
Жарияланды Сәрсенбі, 17 Мамыр 2023 12:47
-
Автор: Super User
-
Қаралды: 156
2023 жылдың мамыр айында жас суретшілердің «Бояулар құпиясы» облыстық сырттай байқауы өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы.
Негізгі мақсат-көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау.
Байқауға Жітіқара қаласының «Балалар өнер мектебі» КММ көркем бөлімінің оқушылары қатысты:
Көркем бөлімінің 2-курстың оқушысы Токмурзина Саида (мұғалім Серикбаева г.С.) байқауға «Жер жүзіндегі жақсы демалыс» номинациясы бойынша сюжеттік композиция ұсынды.
Көркем бөлімінің 2-курстың оқушысы Якушинская Елизавета (мұғалім Серикбаева Г.С.) байқауға «Менің хоббиім» номинациясы бойынша сюжеттік композиция ұсынды.
Көркем бөлімінің 5-курстың оқушысы Ищанова Амина (мұғалім Молдыбаева А.Д.) авангардтық және эксперименттік кескіндеме номинациясында қазылар алқасына суретін ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Токмурзина Саида мен Якушинская Елизавета 2 орынды иеленді (мұғалім Серикбаева Г.С.). Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!