Алтын микрофон - 2026

6 мамыр күні Тобыл қаласында «Алтын микрофон - 2026» халықаралық вокалдық байқауының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеті — Қостанай облысының аудандары мен қалаларындағы балалар мен жастар арасындағы таланттарды анықтау. Шараның ұйымдастырушысы — «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ. Бұған дейін аймақтық іріктеу кезеңдері өткізілген болатын, солардың бірінде (Б. Майлин ауданында) біздің ауданның намысын БӨМ-нің оқушылары Амантай Адель (2-сынып) және Сатымова Ильназ (7-сынып, мұғалімі С.Г. Огородникова) қорғады. Қос вокалист те жүлделі екінші орындарға ие болып, байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алған еді.
«Алтын микрофон-2026» халықаралық вокалдық байқауының облыстық іріктеу кезеңінде жоғары орындаушылық шеберліктерін көрсеткен облыстың ең мықты орындаушылары бақ сынасты. Бәсекелестік өте жоғары болғанына қарамастан, БӨМ-нің оқушылары жарқын әрі лайықты бағдарлама ұсынды. Өнер көрсету қорытындысы бойынша оқушылар байқауға қатысушы дипломдарымен, ал оқытушы Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.