Отан қорғаушылар күні
- Толығырақ
- Категория: Іс-шаралар
- Жарияланды Жұма, 15 Мамыр 2026 16:02
- Автор: Super User
- Қаралды: 8
5 мамыр күні Балалар өнер мектебінде Отан қорғаушылар күніне орай қазақ музыкасының фестивалі ұйымдастырылды.
Бұл шара патриоттық рухты, тарихқа деген құрмет пен ұлттық құндылықтарды дәріптеген ерекше мәдени кеш болды. Оқушылар қазақ музыка өнерінің үздік туындыларын орындап, туған жердің қуаты мен сұлулығын, халықтың ерлік рухын әсерлі жеткізе білді. Көрермендер жан тебірентер аспаптық шығармаларды тыңдап, көркем вокалдық дуэттің орындауына куә болды.
Әрбір нөмір шынайылық пен шабытқа толы болып, залда мерекелік көңіл-күй мен елге деген мақтаныш сезімін қалыптастырды.
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді дамытып, мәдени мұраға құрмет пен Отан қорғаушыларға деген ризашылық сезімді нығайтады.