Аралық аттестаттs
- Толығырақ
- Категория: Жаңалықтар
- Жарияланды Жұма, 30 Желтоқсан 2022 09:30
- Автор: Super User
- Қаралды: 117
26-30 желтоқсан аралығында Жітіқара қаласындағы Балалар өнер мектебінде аралық аттестаттау өтті. Музыкалық бөлімінде теориялық пәндер бойынша академиялық концерттер, бақылау сабақтар түрінде өтті. 2-6 сынып оқушылары оқу жылының І жартыжылдығында музыкалық аспаптарда ойнауды меңгеруде және вокалдық шығармаларды орындауда өз жетістіктерін көрсетті. Тыңдаулардан кейін мұғалімдер баға қойып, оқушылардың өнеріне әдістемелік сипаттама берді.
17-18 желтоқсанда Қостанай қаласындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің базасында «Kostanay music games» республикалық музыкалық өнер байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Art aspect» шығармашылық бастамалар орталығы.
14 желтоқсанда олимпиадалардағы, ОҒҚ-дағы, өнердегі, шығармашылықтағы, спорттағы жетістіктердің бағыттары бойынша Жітіқара ауданының дарынды балалардың аудандық форумы өткізілді.
2022 жылғы 9 желтоқсанда Қостанай қаласында облыстық әкімдіктің күмбез залында жыл сайынғы «Триумф-2022» жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде республикалық және халықаралық зияткерлік, шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ олардың педагогтарына құрмет көрсетілді.
2022 жылғы 26 қарашада Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха қаласында «Күзгі увертюра» III халықаралық онлайн орындаушылық шеберлік байқауы өтті. Байқаудың ұйымдастырушысы «Премьера» Халықаралық театр орталығы болып табылады. Байқау көркем оқу, театр жанры, вокал, аспаптық жанр, хореография, дефиле номинациялары бойынша өткізілді.