Музыкалық мектеп сабақтарындағы нейрогимнастика
- Информация о материале
- Категория: Іс-шаралар
- Опубликовано: 30.04.2026, 06:54
- Автор: Super User
- Просмотров: 18
30 сәуір күні Балалар өнер мектебінде оқытушыларға арналған «Музыкалық мектеп сабақтарындағы нейрогимнастика» (аспапсыз) тақырыбында тәжірибелік шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Шеберлік сабағын домбыра сыныбының оқытушысы Рыспаева Зарина Турганбаевна өткізді.
Сабақ барысында оқушылардың қимыл үйлесімділігін, зейінін және музыкалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тиімді нейрогимнастикалық жаттығулар көрсетілді.
Қатысушылар:
— ми сыңарларының өзара байланысын дамыту әдістерімен танысты
— координациялық және ырғақтық жаттығуларды тәжірибеде орындады
— нейрогимнастиканы сабақ үдерісіне енгізу жолдарын талқылады
Шеберлік сабағының тәжірибелік форматы қатысушыларға ұсынылған әдіс-тәсілдердің тиімділігін іс жүзінде сезінуге мүмкіндік берді.
Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, оқытуда жаңа тәсілдерді қолдануға жол ашады.
Пайдалы әрі мазмұнды шеберлік сабағы үшін Рыспаева Зарина Турганбаевнаға алғысымызды білдіреміз!