«Жайдарлы жаз» атты концерт

2 маусым күні жазғы демалыс кезеңіне арналған іс-шаралар жоспары аясында Балалар өнер мектебінде Естай Есжанов атындағы №9 жалпы білім беретін мектебі мен №4 жалпы білім беретін мектебінің оқушыларына арналған «Жайдарлы жаз» атты концерт және «Әсем жаз» көркемөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеде көркем бөлімінің оқушыларының жарқын әрі әсерлі туындылары ұсынылды, онда жаз мезгілінің әсемдігі мен табиғат көріністері бейнеленді. Жас суретшілер өз қиялдары мен шығармашылық ізденістерін көрермен назарына ұсынды.
Концерт барысында музыка бөлімінің оқушылары түрлі жанрдағы музыкалық шығармаларды орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жас өнерпаздардың өнері көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.
Іс-шара жазғы демалыс кезеңіндегі жарқын оқиғалардың біріне айналып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа әсерлер және өнермен қауышудың қуанышын сыйлады.
☀️🎨🎶